Шымкент қаласында Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің тәрбиешілері мен психологтары - Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып, жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл іс-шара жастардың эмоционалды дамуына, өзін-өзі тануына және сенімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тренинг барысында мамандар жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеу, өзара қарым-қатынас орнату, стресспен күресу жолдарын үйрету секілді тақырыптарда жұмыс жүргізді. Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алды.
Шара соңында бөлімнің мамандары мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері тренингтен алынған тәжірибе жайлы пікір алмасып, алдағы уақытта осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті. Олар бірлескен жұмыстың жасөспірімдердің жан-жақты дамуына оң әсер ететінін және психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына, өзін қоғамда еркін сезінуіне және өз мүмкіндіктерін толық ашуына жол ашады.