Қазақстанның 19 жасар спортшысы Ксения Балабаева классикалық шахматтан 2025 жылғы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Турнир 2025 жылғы 7-15 мамыр аралығында Әл-Айн қаласында (БАӘ) өтті.
Ксения швейцариялық жүйе бойынша өткен, 23 елдің 100 шахматшы қызы, соның ішінде екі гроссмейстер және 13 халықаралық шебер бақ сынасқан турнирде мүмкін болатын 9 ұпайдың 7-ін жинады. Қазақстан ойыншысы ақтық турда 2024–2025 жылғы әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приіне қатысушы, Моңғолия спортшысы IM Батхуягийн Монгонтуулды (рейтингі 2359) анық жеңді. Терең талдауымен және стратегиялық күресімен бағаланатын классикалық шахматта қола жүлдеге ие болуы жас ойыншының ерекше дарын иесі екенін және Азияның ең мықты ойыншыларымен бәсекелесе алатынын көрсетеді.
Уақыт бақылау нұсқасы қатаң классикалық шахмат (алғашқы 40 жүріске 90 минут пен партияның аяғына дейін 30 минут беріледі және әр жүріс үшін 30 секунд қосылады) ерекше зейін мен шеберлікті қажет етеді. Дәл осы формат ойыншыға әр жүрісін мұқият ойластыруына мүмкіндік беріп, стратегиялық әлеуетін ашады. Ксения көп сағатқа жалғасатын шиеленіскен сайысты еңсере алатынын дәлелдеді, мұның өзі оның қола медальге ие болғанына ерекше маңыз береді. Классика тереңдігі мен зияткерлік қанықтығының арқасында шахмат өнерінің шыңы болып қала береді.
Классикалық шахматтан әйелдер турнирінің нәтижелері:
- IM Сун Юйсинь (Қытай, 2397) — 7 ұпай, ARO 2313
- WCM Бат-Эрдене Мунгунзул (Моңғолия, 2302) — 7 ұпай, ARO 2301
- WGM Ксения Балабаева (Қазақстан, 2311) — 7 ұпай, ARO 2300
- IM Вантика Агравал (Үндістан, 2377) — 7 ұпай, ARO 2291
- WGM Сриджа Сешадри (Үндістан, 2226) — 6,5 ұпай
- IM Анастасия Боднарук (FID, 2332) — 6,5 ұпай
- GM Валентина Гунина (FID, 2425) — 6,5 ұпай
- WIM Афруза Хамдамова (Өзбекстан, 2344) — 6,5 ұпай
- WGM Алуа Нұрман (Қазақстан, 2338) — 6,5 ұпай
Классикалық шахматтан ерлер турнирінің нәтижелері:
- GM Бардия Данешвар (Иран, 2621) — 7 ұпай, ARO 2592
- GM Нихал Сарин (Үндістан, 2693) — 7 ұпай, ARO 2515
- GM Шамсиддин Вохидов (Өзбекстан, 2641) — 6,5 ұпай
- GM Иван Землянский (FID, 2563) — 6,5 ұпай
- GM Иниян Паннеерселвам (Үндістан, 2573) — 6,5 ұпай
- GM Раджа Ритвик (Үндістан, 2545) — 6,5 ұпай
- GM Нараянан Сунилдут Лина (Үндістан, 2598) — 6,5 ұпай
- GM Пранеш Муниретинам (Үндістан, 2576) — 6,5 ұпай
Қазақстандық шахматшылардың ерлер турнирдегі үздік нәтижелері:
- GM Денис Махнёв (2526) — 5,5 ұпай
- IM Арыстанбек Оразаев (2482) — 5,5 ұпай
- IM Алдияр Аңсат (2489) — 5,5 ұпай
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан шахматшысы Алуа Нұрман Азия чемпионаты шеңберінде өткен блиц турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Спортшымыз GM Валентин Гунин және IM Сун Юйсинь сынды атақты қарсыластарын басып озып, серпінді және жылдам ойын форматында Қазақстан шахмат мектебінің жоғары деңгейде екенін растады. Алуаның бұл жеңісі чемпионаттың маңызды сәті және ұлттық құраманың қоржынын байытқан тағы бір жетістік болды.
Блицтен турнир нәтижелері:
Әйелдер:
- WGM Алуа Нұрман (Қазақстан)
- GM Валентина Гунина (FID)
- IM Сун Юйсинь (Қытай)
Ерлер:
- GM Иван Землянский (FID)
- GM Сина Мовахед (Иран)
- IM Рудик Макарян (FID)
Ксения Балабаеваның классикалық шахматтағы жетістігі және Алуа Нұрманның блицте алтын медаль алуы Қазақстан шахмат мектебінің ілгерілеуінің жарқын көрінісі. Ксения аймақтағы көшбасшылардың арасындағы өз позициясын нығайтып қана қоймай, шахматтағы жас ұрпаққа шабыт сыйлады. Бұл табыс еліміздің әлемдік шахмат алаңында өзін сенімді түрде көрсетіп келе жатқанын қуаттайды, ал Ксенияның классикадан қола жүлде алуы оның алдағы уақытта талай рет үлкен жеңіске жетуге зор әлеуеті бар екенін көрсетеді