Жетонның орнына смартфон: Алматы метросында жүру жеңілдей түседі

1507
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда метро турникеттері жаңғыртылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың күзіне қарай жолақыны турникетте бірден төлеуге болады – бұл үшін банк картасын немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қосымшасы бар смартфонды жақындату жеткілікті. Қазір банк картасымен тек кассада немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болады.

Не өзгереді?

  • Енді жетон сатып алудың немесе көлік картасын толтырудың қажеті жоқ
  • Барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады
  • Өту жылдамырақ әрі ыңғайлы болады

Бұл шешім қала қонақтары мен метрополитенді сирек пайдаланатындар үшін өте ыңғайлы.

Турникеттерді жаңғырту – қалалық көлік сапасын жақсартуға және жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -