Шымкентте тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны басталды

1617
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, «Ақтас» оқу полигонында әскери міндеттілердің қатысуымен, он күндік тактикалық-арнайы жиыны басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Таң азанымен бригаданың жеке құрамы оқу дабылы бойынша көтерілді. Қысқа мерзім ішінде жеке құрамды қабылдау пункті ашылып, Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдары арқылы шақырылған 118 әскери міндетті тіркеуден өтті. Әскери бөлімге келген соң, барлық әскери міндеттілер қажетті әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Республикасының «Қорғаныс және Қарулы күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің «Әскери жиындарды өткізу туралы» қаулысына сәйкес аумақтық қорғаныс іс-шаралары аясында өткізіліп отыр.

Ұйымдастыру іс-шаралары аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің саптық алаңында оқу-жаттығудың басталуына арналған салтанатты митинг өтті. Жиынға қатысушыларға оқу-жаттығудың басталуына байланысты құттықтау сөзін аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Ашимов алды.

– Осы сәттен бастап сіздер әскери қызметшілер болып есептелесіздер және алдағы он күнді бізбен бірге тактикалық-арнайы оқу-жаттығу аясында өткізесіздер. Баршаңызға нәтижелі, мазмұнды қызмет, ұжымда ұйымшылдық пен түсіністік тілеймін, – деді бөлім командирі.

Жиын барысында әскери міндеттілер бұрын алған білімдері мен дағдыларын қайталап, бөлімше және взвод құрамында бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағындағы аса маңызды нысандарды күзету және қорғау жөніндегі іс-әрекеттерді тәжірибе жүзінде орындау жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -