Шоколадқа жасырылған тыйым салынған зат: колониядағы ерекше құқықбұзушылық

3949
Фотосурет: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сотталғандарға шоколад қағазына орап, смартфон кіргізіп жібермек болған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №45 түзету мекемесінде сотталғандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді. Сотталғандарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында 6679 әскери бөлімінің әскери жасағы мұқият жасырылған ұялы телефон мен бірнеше SIM-картаны тауып алды. Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қырағылығы  арқасында мекеме аумағына ұялы байланыс құралдарының өтіп кетуіне жол берілмеді. Бұл заттар мекеме қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Жіберуші мен құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталуда.

Еске саламыз, сотталғандарға ұялы телефон, SIM-карта және өзге де тыйым салынған заттарды жеткізу  заңға қайшы  және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -