FlyArystan Қытайға жаңа бағытты іске қосты

1496
Фотосурет: FlyArystan баспасөз қызметі

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың 18 мамырында Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе қатынасын сәтті ашты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Airbus A320 ұшағымен орындалған FS7199 рейсі 180 жолаушыны тасымалдап, Инин қаласының әуежайына сәтті қонды. Алматы – Инин және кері бағыттағы алғашқы рейсі толық жүктемемен орындалып, бұл бағыттың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті.

«Алматы – Инин – Алматы» бағыты FlyArystan компаниясының Қытайға ашқан екінші халықаралық бағыты болды. Бұған дейін, 2025 жылғы 13 сәуірде Астана – Үрімші бағытындағы рейстер қайта жанданған болатын. Сонымен қатар, бұл – Инин әуежайына халықаралық мәртебе берілгеннен кейін ашылған екінші халықаралық рейс.

Жоспарға сәйкес, рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. FlyArystan осы бағытта тікелей әуе қатынасын орнатқан алғашқы қазақстандық әуекомпаниясы болды.

Инин (Құлжа) – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан қала. Ол Қазақстанмен шекаралас маңызды көлік және сауда тораптарының бірі – Хоргос қаласына жақын орналасқан. Аталған өңір Іле-Қазақ автономиялық округінің құрамына кіреді. Тарихи тұрғыдан алғанда, Инин Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытының бір бөлігі болған және Қытай мен Орталық Азия арасындағы саудада маңызды рөл атқарған. Географиялық жақындығы мен қазақ халқының аймақтағы елеулі үлесіне байланысты Іле өңірі Қазақстанмен тығыз байланысын сақтап келеді.

Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, мобильді қосымшасынан және өзге де ресми сату арналары арқылы алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -