Чектерді сканерле — жүлде ұтып ал! Акция туралы толық ақпарат

1617
Фотосурет: industryview / Getty Images

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кассалық тәртіпті арттыруға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған акцияларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

​​​​​​​«Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы

2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында тауар сатып алған немесе қызмет үшін ақы төлеген әрбір азамат ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Қатысу шарты — чекті Amian мобильді қосымшасында тіркеу.

«Бәйге» акциясы

2025 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында Amian қосымшасы арқылы мейлінше көп фискалдық чек тіркеп, 100 000 теңге ұтып ал!

Әр тоқсан сайын еліміздің әр өңірінен 20 жеңімпаз анықталады.

Жеңімпаз — өз өңірінде ең көп чек тіркеген қатысушы.

Өткізу кезеңдері:

  • 1-кезең: 1 мамыр – 30 маусым;
  • 2-кезең: шілде – қыркүйек;
  • 3-кезең: қазан – желтоқсан.

Қалай қатысуға болады:

Amian мобильді қосымшасын жүктеп, тауар, жұмыс немесе қызмет үшін төленген фискалдық чектерді тірке.

Сканерле — қатыс — жүлде ұтып ал!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -