Алматы – Петропавл ұшу бағасы мен шарттары қалай өзгереді

1122
Фотосурет: scat-airline

Алматы – Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады.

Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).

Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат.

Жолаушыларға тиімді тарифтермен билет алу үшін оларды алдын ала брондауды ұсынамыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -