Қазақстан үшін көркем гимнастикадағы тарихи алтын

3278
Фотосурет: Меруерт Балғинбаева мұрағатынан

2025 жылдың 10–16 мамыр аралығында Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, топтық көпсайыста ел тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Жекелей бағдарламада Ақмарал Ерекешева екі алтын медаль жеңіп алса, Айғаным Рысбек командалық есепте күміс медаль иеленді.

Чемпионатқа Қазақстан атынан Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, Аида Хакимжанова, Кристина Чепульская жəне Айзере Нұрмағанбетова қатысты. Бұған дейін қазақстандық гимнастшылар құрлықтық жарыстарда жүлдегер болғанымен, топтық көпсайыста ел құрамасы алғаш рет жүлдеге ие болды.

Ұлттық құраманы топтық жаттығулар мен жасөспірімдер арасындағы жеке бағдарламаларға дайындаған – Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дəрежедегі төреші, жоғары санатты жаттықтырушы Меруерт Балгинбаева. 2025 жылы оның шəкірттері топтық жаттығулар бойынша əлем кубогының екі кезеңінде қола медаль жеңіп алып, жоғары шеберлік деңгейін көрсетті.

Фотосурет: Меруерт Балғинбаева мұрағатынан

«Көркем гимнастика — Қазақстандағы қыз балалар арасында ең танымал жəне сүйікті спорт түрлерінің бірі. Ұлттық құрамамыздың нəтижелері өздері-ақ сөйлейді — біз халықаралық аренада сенімді бəсекелестік көрсетіп отырмыз. Бірақ мен үшін маңыздысы — бұл қыздардың қандай ортада өсіп жатқаны. Біз қысым емес, қолдау ортасын құрамыз. Бізде токсик орта жоқ, керісінше, өзара құрмет, тəртіп пен түсіністік бар. Əрбір гимнаст қыз бүкіл елдің атынан өнер көрсетіп жатқанын түсінеді жəне соны мақтаныш көреді» Меруерт Балгинбаева

Көркем гимнастика Қазақстанда қыздар арасында ең танымал спорт түрі болып қала береді. Қазақстан көркем гимнастика федерациясының мəліметінше, тек Астананың өзінде сегіз жыл ішінде жаттығушылар саны 500-ден 3 500 адамға дейін жеті есеге артқан. Бұл спортшылардың елеулі бөлігін Меруерт Балгинбаева негізін қалаған IZUMRUD мектептер желісі дайындайды.

Қазақстан делегациясы чемпионатты лайықты нəтижемен аяқтап, Азия құрлығындағы ең мықты командалардың бірі екенін тағы бір мəрте дəлелдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -