Қаржы министрлігі Тұрақты даму бойынша есептілік стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр

1309
Фотосурет: @qarjyminchannel

Таяуда ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) ұйымдастырылған тұрақты даму саласында басқару мен есеп-қисап жүргізу мәселелері жөніндегі семинарға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған семинарда халықаралық сарапшылар басқару мен ақпаратты ашу стандарттары арасындағы үйлесімді, сондай-ақ есеп-қисап жүргізудің ашықтығын нығайтатын стратегиялық құралы ретінде есеп жүргізудің маңыздылығы мен орнықты даму контекстінде тұрақты тәжірибелерді ілгерілетудің жолын көрсетті.

Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігі орнықты даму жөніндегі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын сақтау жөніндегі талапты заңнамалық тұрғыда белгілеуді жоспарлап отырғанын айта кетейік.

Осы бағытта Қазақстанның бизнес құрылымдары мен кәсіби қауымдастықтардың тиісті мамандарын оқытуды қоса алғанда, мүдделі тараптармен жоғарыда аталған стандарттарды енгізуге байланысты талқылаулар өткізіліп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -