Орал қаласында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына арналған 5 шақырымдық марафон-челлендж ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы белсене қатысты.
Марафон әскери қызметшілер арасындағы бірлік пен ерлік рухын нығайтудың, сондай-ақ спорттық дәстүрлерге деген адалдықтың айқын көрінісіне айналды. Қызметтік міндеттеріне қарамастан, ұландықтар жоғары физикалық дайындықтарын, тәртіптері мен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Мұндай марафондарға қатысу тек денені шынықтырып қана қоймай, рухты көтереді. Бұл — жеңіске деген жігерді, әскери бауырластыққа деген мақтаныш сезімін қалыптастыратын іс-шара Деді бөлім командирінің орынбасары майор Дәурен Рахымбеков
Жарыс соңында қатысушылар салтанатты сапқа тұрып, үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыс етілді.