ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңінің бақылау тексерісі басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тексеру барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша нормативтер тапсырып, білім деңгейін көрсетуде.

Сонымен қатар, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдары бағалануда. Бақылау тексеріс – әскери бөлімдердің қысқы кезеңдегі оқу-жауынгерлік даярлық бойынша жетістіктерін саралап, алдағы жазғы оқу кезеңіне нақты міндеттер қоюды көздейді.

Айта кетейік, бұл тексеріс “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.