Таразда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторларын дайындау курсы басталды

1298
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлау және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшатын авиациялық жүйелердің операторларын оқытудың кезекті курсы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осындай жалғыз оқу-жаттығу орталығында шетелде оқыған, өз білімін жас мамандарға үйрететін сертификаты бар мамандар қызмет етеді және сабақ береді. Бұл білім ордасы оқытуды бастағаннан бері ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарға жүздеген мамандар даярлады. 

Бастапқы кезеңде білім алушылар ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды қолданудың мақсаттары мен міндеттерімен, оларды пайдалану қағидалары мен шарттарымен танысады. Сабақтар SkyLark1LEX тактикалық барлау жүйесін қолдана отырып өткізіледі. Бұл жоғары дәлдіктегі құрал нақты уақыттағы бейнелерді беру мен озық навигациялық мүмкіндіктерге ие.

Бүгінде мұндай құрылғылар қорғаныс және барлау жүйесіндегі негізгі позицияларды сенімді түрде алады. Сондықтан біз жаңа технологияларды жетік меңгеруі тиіс жоғары білікті операторларды даярлауға ерекше назар аударамыз Деп түсіндірді штаб бастығы – ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығы бастығының орынбасары подполковник Алмат Хайрушев

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Ферхат Орымбаев бұрын жару ісімен айналысқан. Қазір оның әскери кәсібінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. –  Жару ісі маған ұнайтын, – деді Ферхат. – Бірақ мен әрқашан ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді үйренуді армандайтынмын. Мені ұшқышсыз ұшатын аппараттардың маманы етіп тағайындаған кезде, сол арманға қол жеткізе бастағандай болдым. Қазір Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу орталығында оқимын, ҰҰА операторы боламын.

Оқу-жаттығу барысында курсанттар борттық жабдықты іске қосудан және баптауға дайындықтан бастап, алынған ақпаратты пилоттауға және талдауға дейінгі толық циклды меңгереді. Сабақтың практикалық бөлігі тренажерларда да, далада да өтеді. Курсанттар 40 күнге созылатын курсты аяқтағаннан кейін сертификаттар алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -