Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды

2090
Фотосурет: KazChess

Астанада классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 2025 жылғы чемпионатының финалы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz. Турнир көптен бері алғаш рет желтоқсан айында емес, мамырда өткізіліп отыр. Мұндай шешімнің қабылдануы күнтізбе жоспарындағы оқиғалардың өте көп болуына байланысты. Алдыңғы чемпионат аяқталғаннан бері алты айға жетер-жетпес уақыт өтті, бірақ осы кезең ішінде Қазақстанның юниорлар чемпионаттары (U6–U18 және U20), юниорлар мен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаттары, ҚРЧ-2025 жартылай финалы, Азияның аймақтық чемпионаты және Азияның жеке чемпионаты өтті. Финалға қатысушылар бұл жарысқа бай тәжірибе жинап келді.

Қатысушылар құрамына автоматты түрде қосылғаны:

  • ҚРЧ-2024 қорытындысы бойынша үздік бес шахматшы,
  • ҚРЧ-2025 жартылай финалының үш жеңімпазы,
  • юниорлар (18 жасқа дейін және 20 жасқа дейін) арасындағы Қазақстанның екі чемпионы,
  • ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесі ұсынған төрт номинант.

Финал екі санатта өтіп жатыр — Open (ашық) және Women (әйелдер арасында). Әрқайсысына 14 шахматшыдан қатысады. Турнирдің форматы — 13 турдан тұратын айналма жүйе. Уақыт бақылау нұсқасы — партияға 90 минут беріледі және әр жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады.

Жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге. Әр санатта орын бойынша бөлінуі:

  • 1-ші орын үшін — 3 000 000 ₸
  • 2-ші орын үшін — 2 000 000 ₸
  • 3-ші орын үшін — 1 500 000 ₸
  • 4-ші орын үшін — 1 200 000 ₸
  • 5-ші орын үшін — 900 000 ₸
  • 6-шы орын үшін — 700 000 ₸
  • 7-ші орын үшін — 500 000 ₸

Әйелдер санаты (Women)

Орташа рейтинг — 2181. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдардағы үш чемпион, Азия чемпионатының жүлдегерлері және 3.4 Аймағы финалының жеңімпаздары чемпион атағын сарапқа салып жатыр. Сондай-ақ жарысқа ұлттық деңгейде тамаша нәтиже көрсеткен юниор қыздар да қатысуда.

Қатысушы қыздар құрамы:

  1. IM Меруерт Камалиденова (2345, Астана)
  2. WIM Әмина Қайырбекова (2344, Астана)
  3. WGM Алуа Нұрман (2338, Алматы)
  4. WGM Ксения Балабаева (2311, Алматы)
  5. WFM Елназ Қалиахмет (2258, Алматы обл.)
  6. WGM Лия Құрманғалиева (2246, Алматы)
  7. WFM Зарина Нұрғалиева (2235, Атырау обл.)
  8. WIM Әсел Серікбай (2223, Қызылорда обл.)
  9. WFM Мария Холявко (2130, Алматы)
  10. WIM Аяулым Қалдарова (2115, Шымкент)
  11. WFM Кристина Попандопуло (2061, Қарағанды обл.)
  12. WFM Жания Науанова (2031, Павлодар обл.)
  13. Жанбота Қамарова (1954, Ақмола обл.)
  14. Әсия Асылхан (1939, Түркістан обл.)

 

Қатысушы қыздардың жасы 13-23 жас аралығында. Ең жасы – Елназ Қалиахмет пен Мария Холявко. Қалиахмет 14 жаста, Холявко чемпионаттың соңғы күні 14 жасқа толады. Ең үлкені – 23 жастағы Әсел Серікбай. Қатысушылардың көбі 20 жасқа толмаған.

Ашық санат (Open)

Орташа рейтинг — 2405. Халықаралық жіктелім бойынша турнир VII санатқа жатады. Ойыншылар құрамында — Қазақстанның өткен жылдардағы чемпиондары, халықаралық жарыс жеңімпаздары, юниорлар арасындағы әлем чемпионаттарына қатысушылар және аймақтық турнирлердің финалистері.

Қатысушылар құрамы:

  1. GM Қазыбек Нөгербек (2538, Астана)
  2. GM Денис Махнёв (2526, Павлодар обл.)
  3. GM Әлішер Сүлейменов (2515, Павлодар обл.)
  4. IM Алдияр Аңсат (2489, ШҚО)
  5. IM Жандос Ағманов (2480, Астана)
  6. GM Рамазан Жалмаханов (2456, Алматы)
  7. IM Даниял Сәпенов (2415, Қарағанды обл.)
  8. IM Аян Ахметов (2410, Астана)
  9. IM Әбілмансұр Әбділқайыр (2401, Шымкент)
  10. IM Сәтбек Ахмединов (2392, Астана)
  11. IM Әлібек Игембергенов (2315, БҚО)
  12. FM Ерғали Сүлеймен (2302, Астана)
  13. FM Алдияр Жауынбай (2265, Астана)
  14. FM Ерлан Тілеуханов (2169, Алматы)

Қатысушылардың жасы 13-30 жас аралығында. Ең жас қатысушы — Алдияр Жауынбай (13 жаста). Ең үлкендері — Аян Ахметов (28 жаста) және Әлібек Игембергенов (30 жаста). 21 жастан кіші алты шахматшы бар. Чемпионатқа қатысушылардың қатарында 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек, 3.4 Аймағы бойынша Азия чемпионатының жеңімпазы Алдияр Аңсат және юниорлар арасындағы рапид пен блицтен әлем чемпионатының екі титулының иегері Ерғали Сүлеймен бар.

2025 жылғы ҚРЧ финалы Қазақстандағы шахмат көктемінің басты оқиғасы болды. Оның аясында еліміздің ең мықты шахматшылары беделді атақтарды, қомақты жүлде қорын және тарихтан орын алу құқығын сарапқа салды. Алдағы уақытта 13 турдың және бір жарым аптаға жалғасатын тартымды зияткерлік сайыстың куәсі боламыз. Турнир 1 маусымда аяқталады. Еліміздің бүкіл шахмат сүйер қауымының басты назары осы жарыста.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -