1562
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Биыл Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін, сондай ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор маман болу идеясын насихаттайтынын атап өтті.

«Адал, әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз» деді Президент. Иә, жұмыстың жаманы жоқ. Кез келген еңбек қадірлі, ең бастысы әркім жауапкершілікті терең сезініп өз міндетін сапалы атқаруы тиіс. Осы орайда жұмысшы мамандар қызметкерлерінің  атқарып жатқан еңбектерін айтуға болады. Солардың бірі Курсарин Ермек Серикбаевич - ол ҚР  ұланының Бас қолбасшылығында электрик қызметін атқарып келе жатқанына биыл 10 жыл толып отыр.

Курсарин Ермек 1980 жылы 2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Есіл ауданы Тауағаш ауылында дүниеге келген. Бала Ермек алғашқы білімін мектеп қабыр-ғасында бастаған, кейін қаладағы колледж қабырғасында білімін жетілдіреді. Оқуын аяқ-

таған жас маман, арман қуып үлкен қалаға баруды мақсат етеді. Араға жылдар салып ол Астана қаласына қоныс аудару жөнінде шешім қабылдайды. Осылайша кейіпкеріміздің алғашқы еңбек жолындағы қадамдары ақырындап қалыптаса бастайды. Электрик болу оның бала кезіндегі асқақ армандарының бірі болды. Өзі толыққанды осы салаға бет бұруды жөн көрді. Осылайша тынымсыз еңбек жолы мен қайнаған ортада ол өз саласының шебері болуды көздейді. 2015 жылы 20 мамырда Ермек Курсарин Ұлттық ұланның ұжымына қызметке кіріседі. Қазіргі уақытта оның ұжымда қызмет атқарып келе жатқанына 10 жыл толып отыр.

- Жұмыс барысында әртүрлі міндеттермен, орындау қажет тапсырмалар болады. Қолымнан келгенше еңбегіме адал қызмет етудемін. Жас сарбаздарға қалай жұмыс жасау керек екенін сондай-ақ не нәрсеге абай болу қажет екенін айтып түсіндіріп отырамын. Білетін тәжірибемен бөлісіп, ақыл алмасып келемін.

Еңбекпен есейген азамат айналасындағылардан қа­таң тәртіпті талап етеді. Жауапкершілік пен адал еңбек те басты назарда. Осы салаға қызығушылық танытатын жастарға өзінің ақыл кеңесімен де бөлісті.

-  Мен сияқты энергетика саласында қызмет атқаруды армандап немесе жоспарлар жүрген жастарға айтарым, әр жұмыстың өз қиыншылығы болады. Сондықтан бұл сала айтарлықтай оңай емес, өмірге қауіпті жұмыс түрі болғандықтан қырағылық танытып ісіңе абай болу қажет. Қазір екінің бірі электрик бола алмайды, ол үшін адамның өзінде шынайы ынтамен ниет болуы қажет. Ең бастысы әрине бұл жұмыс қателікті көп кешіре бермейді.

Өз саласының білгірі Ермек Курсарин - бүгінде отбасылы, бір баланың арқа сүйер, ардақ тұтар әкесі. Еңбекпен есейген азамат айналасындағылардан қа­таң тәртіпті талап етеді. Жауапкершілік пен адал еңбек те басты назарда дейді.

-  Өз жұмысымды қызықты да, келешегі мол жұмыс деп есептеймін. Бұл жұмыс маған тәжірбие жинақтауға, кәсіби және жеке қасиеттерімді дамытуға көмектесті. Әркімнің өзінің дара жолы болады, менің жастық шағым және жинаған тәжірбием осы саламен бірге шыңдалды. Осылайша мен электр маманы болып өзімнің дара жолымды қалыптастырдым.

Өзі жұмыс істейтін саланың дамуына сүбелі үлес қосқан Ермек Курсарин жақын жылдары зейнетке шығады. Дегенмен, осы салаға келетін жас мамандарға үйретерім көп, дейді. Оның айтуынша, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет дейді. Еңбек еткеннің еңсесі қашан да биік екені сөзсіз. Жан-жақты ілім іздеп, кәсіп қылып, еңбектен береке тауып жүрген азамат айна­ласын­­дағыларға өнеге көрсетіп келеді. Үлкенге ізе­тін, кішіге ағалық қамқорлығын аямайтын Ермектей азамат­тарды кімге де болса үлгі етуге болады.

Кіші сержант

Нұрсұлтан ЖҰМАБАЙ

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -