Әскери теңізші Астанада Night Run марафонының жүлдегері атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери-теңіз күштерінің теңізшісі «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кораблі жауынгерлік байланыс және радиотехникалық қызмет командасының старшинасы 2-ші сатылы старшина Әзімхан Әмірханов 10 шақырымға жүгіруде жүлделі екінші орын алды.
Дәстүрлі республикалық Night Run марафоны жыл сайын елордада түнгі уақытта өтеді.
Әзімхан 15 жасынан бастап жеңіл атлетикамен белсенді айналысады. Қазіргі кезде ол әскери қызмет пен спортты сәтті үйлестіріп келеді. Оның спорттық мансабында бұл 12-ші марафон. Жыл сайын Ақтау қаласында өткен Каспий марафонына қатыса отырып, ол жоғары нәтиже көрсетуде.
"Мен үшін жүгіру тек спорт емес, өмір салты. Ол мені шынықтырып, ерік-жігерімді және беріктігімді шыңдады" Әзімхан Әмірханов
Әскери-теңіз күштері бас қолбасшылығы басқармасының аға офицері үшінші дәрежелі капитан Бекзат Берікқазинов табандылық пен еңбекқорлықтың нәтижесінде келген Әзімханның марафондағы жүлделі орыны жас әскери қызметшілерге үлгі екеніне сенімді.