Балалары – басты назарда

1507
Фотосурет: UNICEF/2016/Andrey Kim

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді.

Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.

Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -