Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында болашақ офицерлердің көшбасшылық курсы өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Cағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу полигонында түрлі мамандықтағы екі жүз курсантқа арналған «Сардар» командирлік даярлық курсы ұйымдастырылды.
Бағдарлама көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, бағыныстылар үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және ұрыс қимылдарына жақын жағдайларда жедел шешімдер қабылдау дағдыларын пысықтауға бағытталған.
"«Сардар» курсының негізгі мақсаты – білімді бекіту, жалпы әскери ұрысты жүргізудің жаңа тәсілдерімен таныстыру және бөлімшені тиімді басқаруды үйрету" Құрлық әскерлері әскери институты бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов
Курс тактикалық, атыс, инженерлік және дене шынықтыру сабақтарын қарастырады. Төртінші курс курсанттары жергілікті жерлерде практикалық тапсырмаларды, оның ішінде түнгі марштар, барлау операциялары және бөлім құрамындағы іс-әрекеттер бар.
"Оқытушылардың тәжірибесі, олардың білімі мен кеңестері бізге кәсіби дағдыларды жетілдіруге және командирлік қызметке дайындалуға көмектеседі" Курсант Ерназар Елесов
Оқыту барысында моральдық-психологиялық тұрақтылықты дамытуға және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде командирлік дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады.