Рейдтік іс-шаралардың 1-ші күні Елорда бюджетіне 26 млн теңгеден астам қаражат түсті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ағымдағы жылдың 19 мамырынан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Полиция департаментімен және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуге кірісті.
Рейдтер өткізілген бірінші күні елорда бюджетіне 26 млн. теңгеден астам қаражат түсті. Іс-шаралар шеңберінде борышкерлердің 3 көлігі айыппұл тұрағына мәжбүрлеп эвакуацияланды.
Рейдтік іс-шаралар жоспарлы түрде жалғасатын болады.
Құрметті азаматтар! Департамент мәжбүрлеу шараларын (шоттарға тыйым салу, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуды шектеу) болдырмау үшін салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ МКК ресми интернет-ресурсында, egov.kz электрондық үкімет порталында, екінші деңгейлі банктердің және eSalyq Azamat мобильді қосымшаларында тексеруге болады.
Азаматтар салықтар туралы мәліметтерді толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram @astana_mkd_dgd_astana арқылы біле алады.