Ақтаудан 21 жас сарбаз Ұлттық ұлан қатарына аттанды

4389
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтауда 21 бозбаланы салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

Жас сарбаздар Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде борышын өтейтін болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара салтанатты жағдайда өтті. Оған сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, Ұлттық ұлан ардагерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Жиналғандар жас сарбаздарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, абыройлы қызмет тіледі.

Шақырылушылардың қатарында ақтаулық Қуаныш Жеңісұлы да бар. Ол әскер қатарында қызмет етуді азаматтық борыш деп санайтынын айтты.

— Әскер – ел алдындағы жауапкершілік. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бәріміз үшін үлкен абырой. Отбасым мені қолдады. Енді мен де маған жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысамын, – деді Қуаныш Жеңісұлы.

Салтанатты рәсім барысында патриоттық әндер шырқалып, саптық және жауынгерлік дайындық элементтері көрсетілді. Қорғаныс саласының өкілдері сарбаздарға әскери қызмет тәртібі, бөлімнің негізгі міндеттері мен әскери тәртіптің маңызы туралы ақпарат берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -