Қазақстан Африка мен Таяу Шығыстағы дипломатиялық қатысуын күшейтіп жатыр

1518
Фотосурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа дипломатиялық тағайындаулар туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі

1981 жылғы 24 тамызда дүниеге келген. 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Дипломатиялық мансабын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінде референт лауазымынан бастаған.

Әр жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында және Қазақстанның Сауд Арабиясы мен Иорданиядағы шетелдік мекемелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2014 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында инспектор және сектор меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.

2019-2024 жылдары Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы болды.

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2024 жылғы ақпаннан бастап ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры қызметін атқарды.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Барлыбай Кәрімұлы Садықов – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы

1964 жылғы 25 қыркүйекте дуниеге келген. 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын бітірген.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі лауазымынан бастады.

Әр жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында және Қазақстанның Италия, Швейцария мен АҚШ-тағы шетелдік мекемелерінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, кейін директоры қызметтерін атқарды, ал 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.

2015 жылғы желтоқсанда Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары, ал 2016 жылғы тамызда Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі болды.

Қазақстанның Кениядағы Елшісі және Найроби қаласындағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы шілдеден бастап Қазақстанның Эфиопадағы Елшісі және Кениядағы Елшісі қызметін қоса ақарушы болды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын және урду тілдерін меңгерген.

Жалғас Жұмаұлы Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі

1964 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1990 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдады, PhD ғылыми дәрежесі бар.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық мансабын ҚР СІМ Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы лауазымынан бастады, ал 2000 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметін басқарды.

Әр жылдары Қазақстанның Литвадағы және Аустриядағы елшіліктерінде кеңесші, кеңесші-уәкіл болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды.

2010 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Орталық аппаратында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші ретінде қызмет атқарды.

2015-2017 жылдар аралығында Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі лауазымын атқарды.

2019-2022 жылдары Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болды.

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы сәуірден бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын тілін меңгерген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -