Микрокаржы ұйымдарына арналған жаңа ережелер: бұзушылық үшін не күтіп тұр?

1287
Фотосурет: freepik.com

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша бірқатар шараларды қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биылғы жылы 10 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚтК)  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына мынадай тиісті өзгерістер енгізілді:

  • микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемін көрсетпегені немесе дұрыс көрсетпегені үшін МҚҚЖҰ-ға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қолданылады;
  • микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік немесе ломбард ретінде тіркелгені туралы Агенттікке хабарламағаны не уақтылы хабарламағаны үшін 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл белгілене отырып, МҚҚЖҰ-ның жауапкершілігі енгізілді.

ӘҚтК-нің 211-бабына көрсетілген өзгерістер 2025 жылғы 13 наурызда қолданысқа енгізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -