Астанада Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын» іріктеу кезеңі өтті

1320
Фотосурет: Gov

Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.

Жас патриоттар белтемірге (ұлдарда) тартылу, ішті қатайту (қыздар), әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын ішінара құрастырып-бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию және Smart Sarbaz зияткерлік ойындары сияқты пәндерде бағын сынады.

"Үш күндік далалық жиын барысында «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Астананың намысын қорғайтын үздік үш команданы анықтадық. Биыл бұл сайыс Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр"  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек

Жарыс қорытындысына келсек, бірінші орынды «Сарайшық» ауданының «Ақсұңқар» командасы, екінші орынды – «Сарыарқа-2» ауданының командасы, үшінші орынды – «Үміт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жеңіп алды.

Бұдан өзге іріктеу турына 7 команда құрамында 150 ұл-қыз қатысқанын айта кетелік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -