Ақтауда Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде ашық есік күні өтті

1562
Фотосурет: Ұлттық ұлан

​​​​​​​Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 6656 және 3502 әскери бөлімдерінде ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара ҚР Ішкі істер министрінің бастамасымен қолға алынған «Полиция – балалардың қорғаны» атты акция аясында өтті.

Аталған мерекелік шараға қала мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қонақтар үшін заманауи әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, жауынгерлердің арнайы жабдықтары және әскери асхананың жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы бөлімшелердің шеберлік көрсетілімдері көрерменге ұсынылды.

"Бүгін біз болашақ ұрпақты қарсы алып отырмыз. Мұндай кездесулер жастардың Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге деген қызығушылығын арттырып, сенімін нығайтады" 6656 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі командирінің орынбасары, подполковник Аслан Нұрғазиев

Іс-шара барысында оқушылар интерактивті алаңдарға белсенді қатысып, әскери қызметтің ерекшеліктері жайлы сұрақтар қойды. Естелікке суретке түсіп, әсерлі сәттерді бірге бөлісті.

"Маған бәрі ұнады, әсіресе қылмыскерді қалай ұстағандарын көрсеткенде ерекше әсер алдым. Енді мен де болашақта әскери адам болғым келеді"  10-сынып оқушысы Нұртай Амангелді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жас буынға патриоттық тәрбие беруге және әскери қызметті насихаттауға оң әсер етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -