FlyArystan халықаралық бағыттарға жеңілдіктер науқанын жариялайды

2728

Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша әуебилеттеріне жеңілдік науқанын бастағанын хабарлайды. Науқан аясында билеттер бағасы 23 000 теңгеден басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Билет құнына салмағы 5 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 х 23 х 36 см болатын бір дана қолжүгі мен борттағы кездейсоқ орын кіреді.

2025 жылғы 26 мамырдан 29 мамырға дейін билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасы мен өзге де сату арналары арқылы сатып алуға болады. Сапарлар 2025 жылғы маусым айынан қараша айының соңына дейінгі кезеңді қамтиды.

FlyArystan саяхаттарды одан әрі қолжетімді ету мақсатында тұрақты түрде жеңілдік науқандарын өткізіп отырады. Бұл жолғы науқан қазақстандықтар үшін жазғы мезгілде демалуға, жақындарымен қауышуға және жаңа әсерлерге бөленуге мүмкіндік жасауға бағытталған.

Науқан аясындағы билеттер келесі халықаралық бағыттарға қолжетімді:

  • Атырау – Кутаиси – Атырау (маусым айында – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері; шілдеде –  дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады; тамызда – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі; қыркүйек айында – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі; қазан айында – бейсенбі және сенбі күндері орындалады);
  • Қарағанды – Ыстамбұл — Қарағанды (сәрсенбі және жұма күндері);
  • Атырау – Ташкент – Атырау (шілде-тамыз айларында – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері; қыркүйек-қазан айларында – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады)
  • Алматы – Тамшы (Ыстықкөл) – Алматы (бейсенбі және жексенбі күндері);
  • Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау *;
  • Ақтау – Кутаиси – Ақтау *.

*Аталған рейстердің өзекті кестесін flyarystan.com сайтынан тексеру ұсынылады.

FlyArystan жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді. Сонымен қатар, әуекомпаниясы барлық қосымша қызметтерді ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы сатып алуға болатынын еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -