Шымкенттің әскери борышкерлері 18 пән бойынша оқудан өтті

2750
Фотосурет: Gov

Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Ақтас» полигонында өткен әскери міндеттілердің жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуымен аяқталды.

Он күн ішінде жүзден астам әскери міндетті мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы бойынша сабақтардан өтті. Жалпы, оқыту 18 пән бойынша өтіп, оның ішінде тосқауыл бекеттеріндегі іс-қимыл, күзет міндеттерін орындау және шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру де қамтылды. Аталғаннан бөлек республикалық маңызы бар әскери және стратегиялық объектілерді қорғау кезіндегі күзет, қорғаныс және жауынгерлік үйлесімділік мәселелері де пысықталды.

"Оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтады. Әр сабақтың мазмұны мен тиімділігіне ерекше назар аударылды" Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов

Жиын қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери міндеттілер марапатталып, бірқатар қатысушыларға кезекті әскери атақтар берілді.

Айта кетер болсақ, әскери міндеттілер үшін жиын кезеңінде жұмыс орнының орташа жалақысы сақталады. Бұдан басқа, оларға қосымша төлемдер, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -