Қазақстандық жауынгерлер Беларусьтегі «Лосвидо» полигонында жарысқа қатысуда

1958
Фотосурет: Gov

Беларусьтің Витебск облысындағы "Лосвидо" полигонында "Ерлік пен шеберлік" төсбелгісін иелену құқығына арналған кезекті жарыстың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл оған Қазақстаннан тоғыз адам қатысады.

Капитан Сапарбек Дәулеткерей мен 3-сыныпты сержант  Мұсабай Сарыбаев сынаққа алғаш рет қатысып отырған жоқ. 

"Биыл біз Белоруссияға дайындықпен келдік. Өткен жылы жарыстың финалына жете алмадым.Бірақ айтарлықтай тәжірибе жинадым. Соның арқасында бұл жолы жеңіске жетемін деп үміттенемін" Капитан Сапарбек Дәулеткерей

"Лосвидо" полигонындағы салтанатты шараны Беларусь Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы генерал-майор Вадим Денисенко басқарды. Ол жауынгерлерді ең жақсы нәтижелер көрсетуге, жарыстың әр кезеңінен өту кезінде ерік-жігерін көрсетуге шақырды.

"Қазақстанндық десантшыларға деген құрметім бөлек. Олар біздің сынақтарымызға үшінші жыл қатарынан қатысып келеді. Сонымен бірге, бірнеше жылдан бері біз Қазақстанның таулы-шөлді жерінде өткізілетін "Бауырластық шыңы" және қазақстандық десантшылар мен Беларусь арнайы операциялар күштері орманды-батпақты жерлерде бірлесіп жұмыс істейтін "Орман бауырластығы" жаттығулары аясында өзара іс-қимыл жасадық. Қонақтарымызға сәттілік тілеймін" Генерал-майор Вадим Денисенко

Жеке жарысқа жауынгерлік даярлық бойынша теориялық тестерді, жүзуді, тікұшақтан шектеулі алаңға десант түсіруді, жер бедеріне бағдарланған 30 шақырымдық марш жасауды қоса алғанда, дене дайындығы нормативтері кіреді. Сонымен қатар, қатысушылар әртүрлі қару-жарақтан ату ережелерін орындауы керек. Кедергілер мен су тосқауылынан өтіп, соңында үш қарсыласпен қоян-қолтық ұрысқа түседі.

Биылғы жылы сынаққа 120-ға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тоғыз жауынгер қатысып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -