Әскери-теңіз күштері сүңгуірлер дайындығын қорытындылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ақтау гарнизонында сүңгуір дайындығы бойынша оқу-әдістемелік жиын аяқталды.
Жалпы жиында 15 адам оқыды, оның ішінде корабльдің штаттан тыс сүңгуірлері де бар. Теориялық бөлімде сүңгуір түсірудің физикасы мен физиологиясының негіздері, сүңгуірлік медицинаның, жабдықтардың және түсіруді ұйымдастыру зерделенді. Практикалық сабақтарда сүңгуір жабдықтарын меңгеру, құтқару жұмыстары және су астындағы апаттық жағдайдан шығу дағдылары пысықталды.
Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен жеке құрам әртүрлі тереңдіктерге сүңгуірлер түсіруді орындады, корабльдердің су асты бөліктерін зақымдану ықтималдығына тексерді. Жиын барысында арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Жиын жетекшісі капитан-лейтенант Сайран Әбдікәрімов сүңгуірлер су астында арнайы тапсырмаларды орындауға әркез әзір болуы тиіс деді.
"Әрбір сүңгуір жарақтар мен жабдықтарды сенімді түрде үйренуі, су астында сауатты әрекет етуі және корабль сүңгуір тобының құрамында тиімді өзара іс-әрекет жасай білуі тиіс" Капитан-лейтенант Сайран Әбдікәрімов
Әскери қызметшілер сүңгуір жабдықтарының материалдық бөлігі мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, сынақтарды сәтті тапсырып, арнайы жабдықты пайдалануға рұқсат алды.
Әскери-теңіз күштерінде сүңгуір дайындығы ұдайы өткізілетінін айта кеткен жөн.