Қазақстандағы мобильді байланыс: тиімді тарифті қалай таңдап, артық төлемеуге болады

2464
Фотосурет: freepik.com

Биылғы жылдың сәуір айында елімізде инфляция айтарлықтай жеделдеді.

Тауарлар мен қызметтердің барлық санаттары қымбаттады. Қызмет көрсету секторында, әсіресе, коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Мәселен, бір жыл ішінде суық су тарифтері 89,1%-ға, су бұру 23,5%-ға, электр энергиясы 11,7%-ға, орталықтан жылыту 18,7%-ға, ыстық су 14,4%-ға қымбаттады.

Ұялы байланыс қызметтері бір жылда 19,5%-ға қымбаттады. Біз тарифтердің өсу себебін жазған болатынбыз, негізгі себебі — бұл салаға инвестиция қажет.

Алайда бағаның өсуіне қарамастан, ұялы байланыс нарығында қолжетімді тарифтер мен шарттар да бар. Бүгін соларға толығырақ тоқталамыз.

Бүгінде Қазақстанда 3 мобильді оператор 7 бренд байланыс қызметін ұсынып отыр: Altel, Tele2, Kcell, Activ, Beeline, сондай-ақ виртуалды IZI және банктік ForteMobile.

Біз осы брендтердің тарифтік желілерін талдадық және олар бойынша ең тиімді ұсыныстар мен шарттарды атап өтеміз.

Ең жақсы бағаны ForteMobile желісі Gold тарифі бойынша ұсынады. Тарифке 17 ГБ мобильді интернет, желі ішінде және Beeline-ға тегін қоңыраулар және басқа операторлардың нөмірлеріне 170 минут, сондай-ақ 50 SMS кіреді. ForteApp қосымшасын пайдаланған жағдайда, бұл пакеттің құны айына небәрі 2500 теңгені құрайды (қосымшасыз — 4500 теңге). Бар болғаны мобильді қосымшаны жүктеп алып, авторизациядан өтесіз, оған айына кемінде бір рет кірсеңіз жеткілікті.

Сонымен қатар Forte мынадай акция өткізуде: нөмірді ForteMobile желісіне ауыстырған жағдайда, оператордың тарифтерінің шарттары бойынша бірінші рет қосылғаннан кейін клиент байланыс және интернет қызметтерін екі ай тегін пайдалана алады. Ұсыныс Gold және Platinum тарифтері бойынша қолданылады. Акция бойынша Altel, Tele2, Activ, Kcell нөмірлерін ауыстыруға болады.

Ең төменгі тарифтерді ұсынатындардың қатарында басқа виртуалды оператор да бар. Мысалы, IZI желісінде қызметтердің құны 2690 теңгеден басталады (ULTRA тарифі). Пакетке 30 ГБ интернет және басқа операторлардың нөмірлеріне 100 минуттық қоңырау кіреді.

Altel, Activ, Beeline, Tele2 және Kcell желілерінде тарифтер құнының төменгі шегі шамамен 4000 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 26,4 млн ұялы байланыс абоненті болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 4,2%-ға артық.

Ал интернетке қосыла алатын ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,1 млн-ға жетті, бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 5,3%-ға көп.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -