Тек онлайн: Алматыдағы Джей Ло концертіне билеттер виртуалды кезек арқылы сатылады

2332
Фотосурет: globallookpress.com

Бүгін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер сатылымы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Бүгін, 28 мамырда сағат 10.00, американдық жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер сатылымға шықты. Шара 10 тамыз күні өтеді, ал билеттер Freedom Ticketon сервисі арқылы сатылады. Концерт Орталық стадионда өтеді. Концерт ұйымдастырушылары бұл алаңның таңдалғанын спорт кешенінің әкімшілігімен ресми түрде растады.

​​​​​​​Билеттерге жоғары сұранысты ескере отырып, сатылым келесі тәртіппен ұйымдастырылады. Алдымен https://ticketon.kz  сайтына кіру қажет болады. Сайтқа кірген барлық қолданушылар автоматты түрде электрондық кезек терезесіне өтеді. Бұл терезеде екі арнайы батырма орналастырылады. Тиісті белгісі бар бір батырманы басу арқылы қолданушылар Джей Ло концертіне арналған виртуалды кезек парағына өтеді. Виртуалды кезек парағында стадионның сызбасы, секторлары және билет бағалары көрсетіледі. Кезекте күту кезінде қолданушы өз орны туралы шешім қабылдай алады. Сонымен қатар, виртуалды кезекте алдында қанша адам тұрғаны жөнінде ақпарат көрсетіледі. Қолданушы сайттан шықпай өз кезегін күте алады немесе электрондық поштасын қалдыру арқылы, билеттерді сатып алу кезегі келген кезде, поштасына тиісті хабарлама алады.

Сатылым тек сайттағы виртуалды күту бөлмесі арқылы жүргізілетініне назарларыңызды аударғымыз келеді. Осы себепті қосымша арқылы сатылым ұйымдастырылмайды.

Билеттердің бағасы Астанада өтетін концерттегідей 40 000 теңгеден басталып, 180 000 теңгеге дейін жетеді.

Ұйымдастырушылар бір адамға 10 билеттен артық сатпайды.

Екінші батырма арқылы көрермендер ticketon.kz ресми сайтына өтеді.

Еске сала кетейік, 1 тамызда Астанада өтетін әншінің концертіне сұраныс өте жоғары болғандықтан, шоу ұйымдастырушылары Джей Лоның ресми өкілдерімен келісіп, 10 тамыз күні Алматыда тағы бір концерт өткізетін болды.

"Джей Лоны Алматыда да күтіп, шақырып жатыр! Бұған дейін әншінің Астанада бір ғана жеке концерті жоспарланған болатын. Осы шараға халықтың аса қызығушылығына байланысты екі концерт өткізу туралы шешім қабылданды" «Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов

Freedom Ticketon компаниясы концертке барғысы келетін барлық азаматтарға интернеттегі сатып алулардың қауіпсіздігіне назар аудару қажеттігін ескертеді.

"Билеттерді қолдан немесе бірнеше есе қымбат бағамен, жалған сайттардан сатып алмаңыз. Алматыда өтетін концертке билеттер тек ресми онлайн сату сервисі – ticketon.kz сайтында ғана сатылатын болады" Freedom Ticketon компаниясының бас директоры Виктория Торгунакова

Дженнифер Лопестің концертіне билет сату күнінде Ticketon қосымшасы уақытша жұмыс істемейді. Бұл – техникалық ақаулардың алдын алу мақсатында жоспарланған шара.

Дженнифер Лопестің концерттері оның әлемдік турнесінің аясында өтеді. Әнші 2025 жылы өнер көрсетуді жоспарлаған елдер тізіміне Түркия, Мысыр, Испания, Венгрия, Польша, БАӘ және Қазақстан кіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -