Ертуған Өтегенов Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының жаңа орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығымен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып Ертуған Кеңесұлы Өтегенов тағайындалды.
Ертуған Кеңесұлы Өтегенов 1976 жылы 30 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын жеке компанияларда экономист болып бастаған.
Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс жасайды.
1999 жылдан бастап Салық комитетінің түрлі бейінді бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс жасады.
2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы лауазымын атқарды.