ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес, Атырау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің командирі болып подполковник Самет Сунатуллаұлы Құлахмедов тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жаңа командирді әскери бөлімнің жеке құрамына ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Бекайдар Қазкеев ресми түрде таныстырды.
Подполковник Құлахмедов бұл лауазымға дейін 5546 әскери бөлімінде командирдің бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.
Қызмет барысында ол өзін білікті ұйымдастырушы, жоғары тәртіп пен жауапкершілікті ұстанатын кәсіби офицер ретінде көрсетті. Іс-шара барысында генерал-майор Бекайдар Қазкеев подполковник Құлахмедовке жаңа қызметінде табыс тілеп, оның бөлімнің жауынгерлік дайындығын күшейту және тәртіпті нығайту жолында жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.