Ұлттық ұлан курсанттары ауыл тұрғындарының алғысына бөленді

4268
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындары су тасқыны кезінде көрсеткен көмегі үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясының курсанттарына алғыстарын білдірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы жылдың көктемінде аталған аймақ ауыр су тасқынына тап болды. Оның салдарын жою және бөгеттерді нығайту үшін ауылға Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері мен курсанттары жіберілді. Тасқынмен күрес жұмыстары төтенше жағдайлар департаментімен, полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілді.

Жалпы саны 800 курсант жұмылдырылып, төрт ауысымда еңбек етті, сондай-ақ олардың күшімен 250 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды.

– Біздің курсанттар үшін су тасқыны салдарын жоюға қатысу күрделі өміршең және кәсіби сынақ болды. Сын сағатта олар төзімділік пен темірдей тәртіп танытып, кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін көрсетті, – дейді Ұлттық ұлан Академиясының бастығы Артур Тоқышев. 

Ұландықтардың үйлесімді әрекеттері мен жанқиярлық еңбегі ауылдың тұрғын үйлері мен инфрақұрылымын су тасқынынан сақтауға мүмкіндік берді. Олардың күш-жігері назардан тыс қалған жоқ. Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары курсанттарға табиғи апатқа қарсы күресте көрсеткен көмектеріне ризашылық білдіріп, алғыс ретінде сегіз музыкалық колонка тарту етті.

– Бұл жігіттер күндіз-түні, жаңбыр мен желдің астында тынымсыз еңбек етті. Олардың күш-жігерінің арқасында бұл сынақтан аман-есен өттік. Біз Академия басшылығына және әрбір курсантқа шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Тепличное ауылының тұрғыны Руслан Мырзабай. 

Айта кетейік, су тасқыны аяқталғанына қарамастан, халықтың қиын-қыстау кездегі көмекті ұмытпағаны — бірліктің, батылдық пен ынтымақтың қашанда маңызды екенін білдіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -