Қазақстан банктерінің қаржылық тұрақтылығы: капитал нені көрсетеді?

2310
Фотосурет: freepik.com

ҚР ЕДБ-ның реттеуші меншікті капиталы бір айда 79 миллиард теңгеге өсті.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші меншікті капиталы бір айда 0,8%-ға (немесе 79 млрд теңгеге) артып, 9,9 трлн теңгені құрады.

Он үздік ЕДБ арасында аталған көрсеткіштің өсімі бойынша Отбасы банк көш бастап тұр: қаржы институтының меншікті капиталы бірден 2,3%-ға, 741,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ Halyk Bank-тің (1,9%-ға), Home Credit Bank-тің (1,6%-ға), Jusan Bank-тің (1,4%-ға) көрсеткіштері бір пайыздан артық мөлшерге өсті.

Бұл орайда үздік ондыққа енетін екі банк капитал көлемін қысқартты. Сектор бойынша Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның төртеуінің көрсеткіштері төмендеді.

Мәлімет үшін: ҚР ЕДБ-ның реттеуші меншікті капиталының жылдық өсімі 21,3%-ды құрады, ал бес жыл ішінде көрсеткіш бірден 2,2 есе өсті.

Естеріңізге салсақ, қаржы институттары реттеушілердің талаптарына сәйкес тәуекелдерді жабу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін реттеуші меншікті капиталды ұстап тұруы тиіс. Бұл нормалар салымшыларды, кредит берушілерді және жалпы қаржы жүйесін ықтимал шығындардан қорғау үшін керек.

Демек, меншікті капиталдың көрсеткіштері — оның өсімі мен жеткіліктілігі нарық үшін де, халқы үшін де банктің сенімділігін білдіреді.

Мысалы, биылғы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Отбасы банкінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттері төмендегідей болып бөлінді:
• меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) — 42,4%;
• меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1-2) — 42,4%;
• меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) — 42,4%.

Ал бұл реттеушінің талаптарынан бірнеше есе көп. Бір ай ішінде меншікті капитал көрсеткіштерін едәуір арттырған қалған банктердің деректері төмендегі кестеде берілген.

Қарастырылып отырған банктер туралы халықаралық рейтингтік агенттіктердің «үлкен үштігі» не дейді?

Үздік ЕДБ арасында ең жақсы рейтингтерге Отбасы банк ие: Fitch берген инвестициялық Baa1 (болжам — «Тұрақты») және Moody’s берген BBB (болжам — «Тұрақты») рейтингтері бар.

Инвестициялық рейтингтер Halyk Bank-ке де берілді: Fitch-тен Baa1 (болжам — «Тұрақты»), S&P-ден BBB− (болжам — «Тұрақты») және Moody’s-тен BBB− (болжам — «Тұрақты»).

Jusan Bank пен Home Credit Bank-тің рейтингтері айтарлықтай төмен: Moody’s-тен Ba3 (болжам — «Оң») және Fitch-тен BB− (болжам — «Тұрақты»).

Қалған ЕДБ-ның деректері төмендегі кестеде берілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -