Әлеуметтік көмек алу құқығын қалпына келтіру әйелге 393 200 теңге алуға мүмкіндік берді

2123
Фотосурет: freepik.com

Ақмола облысы тұрғынының әлеуметтік көмек алу құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін қызмет алушыға 393 200 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған өтініш иесі жергілікті халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек алу үшін жүгінген. Кейін ол оған тағайындалған көмек мөлшерімен келіспей, ҚР МҚІА Департаментіне өтінішпен жүгінді.

Шағымды қарау барысында, қызмет беруші «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының талаптарын бұза отырып, өтініш бойынша іске қатысты толық мән-жайларды айқындамағаны, қызмет алушының материалдық жағдайын зерттеп-қарамағаны анықталды.

Осыған орай Департамент қызмет берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешім енгізді. Нәтижесінде, өтініш иесінің құқықтары қалпына келтіріліп, оған толық көлемде әлеуметтік көмек көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -