KazChess Awards 2025: Қазақстан шахмат қауымының жарқын мерекесі

2519
Фотосурет: Ruslan Mazunin/KazChess

2025 жылғы 28 мамырда Астанадағы Sheraton Astana Hotel залында еліміздегі шахмат әлемінің ең маңызды оқиғасы - KazChess Awards 2025 салтанатты марапаттау кеші өтті. Бұл - Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) тарапынан жыл сайын ұйымдастырылатын, шахмат өнерінің үздік өкілдерін танып, еңбегін бағалайтын ұлттық деңгейдегі басты іс-шара, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ruslan Mazunin/KazChess

Шахмат – ұлттық мақтаныштың бір бөлігі

Кештің шымылдығын ашқан ҚШФ президенті Тимур Турлов өз сөзінде шахматтың еліміздің мәдени және спорттық өміріндегі ерекше орнын атап өтті:

«Әр марапаттың артында мыңдаған сағат қажырлы еңбек, өзіне сену және жақын адамдардың қолдауы жатыр. Бұл чемпион рухының құдіретін көрсететін және басқаларға шабыт сыйлатын хикаялар. Біз әр лауреаттың жетістіктерін ғана емес, әрқайсысының жүріп өткен жолын атап құрмет көрсетуге қуаныштымыз. Соңғы бір жылдың ішінде талай рет шахматшыларымыздың жетістіктеріне куә болған біз мұны мақтан тұтамыз. Олар бойындағы таланты мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушы, ұйымдастырушы, меценаттардың, яғни кадрдың сыртында жүріп Қазақстан шахмат мектебінің өсуі мен өркендеуін мүмкін ететін барлық адамдардың орасан зор еңбегінің арқасында осынау зор жеңіске жетіп отыр», - деді Турлов.

Ruslan Mazunin/KazChess

Жылдың үздіктері: KazChess Awards 2025 лауреаттары

Бұл жылы марапат 15 аталым бойынша табысталды.

Ruslan Mazunin/KazChess

Әрбір жеңімпаз – отандық шахматтың дамуына зор үлес қосқан тұлға. Марапат иелері:

  • Халықаралық аренадағы үздік дебют - Нұрәлі Болашақов
  • ҚШФ үздік өңірлік филиалы - Ақтөбе облысы, Гүлқасима Сүйентаева
  • Жыл юниоры (ұлдар) - Марк Смирнов
  • Жыл юниоры (қыздар) - Аланна Берікқызы
  • Ерекше спортшылар - Әлімжан Аяпов және Самажан Кеттебеков
  • Үздік ардагерлер - Владислав Насыбуллин және Әлфия Төребаева
  • Үздік төреші - Серікбай Темірбаев
  • Жылдың шахмат амбассадоры - Иван Червинский, @alga.peterburg
  • Жылдың медиа серіктесі - Арман Қоржымбаев, «Деловой Казахстан»
  • Жыл командасы - Қазақстан әйелдер құрамасы:
    Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова;
    жаттықтырушылар - Павел Коцур және Александр Моисеенко
  • Ерлер арасындағы үздік спортшы - Қазыбек Нөгербек, жаттықтырушысы - Ержан Шәкенов
  • Үздік спортшы қыз - Бибісара Асаубаева
  • Үздік жаттықтырушы - Павел Коцур
  • Президент таңдауы - Елназ Қалиахмет

Ruslan Mazunin/KazChess

Қоғамдық марапаттар: «Үміт» және «Дара» ордендері

KazChess Awards кешінде арнайы қоғамдық марапаттар да табысталды.

«Үміт» орденімен келесі жас дарын иелері марапатталды:

  • Эдгар Мамедов - Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер (14 жаста)
  • Марк Смирнов
  • Аланна Берікқызы

Ruslan Mazunin/KazChess

«Дара» ордені иегерлері:

  • Бибісара Асаубаева - елімізде ерлер арасындағы гроссмейстер атағын алған екінші шахматшы қыз
  • Меруерт Камалиденова
  • Ксения Балабаева
  • Алуа Нұрман
  • Әмина Қайырбекова
  • Павел Коцур
  • Александр Моисеенко
  • Қазыбек Нөгербек
  • Ержан Шәкенов

Бұл марапаттар - тек атақ емес, олар шахматқа берілгендіктің, табандылық пен кәсіби адалдықтың нақты көрінісі.

Музыка мен бірлік рухы

Кештің ерекше көңіл күйін BMP Live Band тобы мен әнші Марсель Алсейітов орнатты. Оның орындауындағы «Бұл өмірде» әні залдағы көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Кештің финалында конфетти салюті атылып, барлық қатысушылардың бірге түскен ортақ фотосы шахматшылар қауымдастығының бірлігінің айқын белгісіне айналды.

KazChess Awards: дәстүр мен даму

KazChess Awards тарихы 2023 жылдан бастау алады. Алғашқы марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті, барлығы 9 номинация болды. Сол кезден бастап әділ іріктеу, айқындық және кәсіби тану дәстүрі қалыптасты.

Ruslan Mazunin/KazChess

Алғашқы лауреаттар қатарында - Бибісара Асаубаева, Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Қазыбек Нөгербек болды.

2024 жылы аталымдар саны 12-ге, ал 2025 жылы - 15-ке жетті. Бұл - еліміздегі шахмат қозғалысының кеңейіп, кәсіби деңгейінің жоғарылағанының белгісі.

Тек соңғы жылдың ішінде қазақстандық шахматшылар 160 халықаралық медаль жеңіп алды:

  • 55 алтын
  • 54 күміс
  • 51 қола

Алға қойған мақсаттар мен жаңа белестер

Қазақстан шахмат федерациясы алдағы уақытта:

  • жас шахматшыларды қолдауды
  • инфрақұрылымды жаңғыртуды
  • цифрлық шешімдерді енгізуді
  • әлемдік деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруды жалғастырады

KazChess Awards - бұл тек марапат емес. Бұл - еңбекке берілген баға, болашаққа сенім мен жас ұрпаққа бағыт. Бұл - әділ ойынды, табандылықты және ұлтымыздың интеллектуалдық әлеуетін дәріптейтін мереке.

KazChess Awards 2025 - шахмат тек ойын емес екенін, ол - тәрбие, мәдениет және болашақ екенін тағы бір дәлелдеген кеш болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -