Қызылорда прокурорлары кәсіпкерге көмектесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Қызылорда облысының прокуратурасы тоқтап қалған және жүктемесі аз кәсіпорындарының қызметін қалпына келтіруді қамтамасыз етуде.
Мониторинг барысында Жалағаш ауданында өндірістік жүктемесі төмен «АгрохимСервис» ЖШС-нің түйіршіктелген аммоний сульфатын (минералды тыңайтқыштар) өндіретін зауыт анықталды.
Кәсіпорын өнімнің сәйкестік сертификаты болмағанына орай отандық өндірушілер тізіліміне енгізілмегені белгілі болды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аталған кәсіпорының өтінішіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы сәйкес еместігіне байланысты оны табыстаудан бас тартқан.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Кәсіпорынға тауардың сәйкестік сертификаты берілді.
Нәтижесімен отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізіліп, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге тауарларды субсидияланған мөлшерлемемен сатып алуға көмектеседі.
Бұл өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, бюджетке тұрақты салық түсімдерін түсуіне оң әсер тигізеді.