ҚРЧ-2025 финалында шахмат интригасы соңғы турларға дейін сақталып отыр. Әйелдер арасындағы есепте Елназ Қалиахмет көш бастап тұрса, Зарина Нұрғалиева мен Меруерт Камалиденова оны өкшелеп қуып келе жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әсел Серікбай төртінші болып келе жатыр, ал қазіргі чемпион Әмина Қайырбекова басты қарсыластарымен кездесуге дайындалуда. Әр партия медальдің кімге бұйыратынын шешеді!
Ерлерде сенсация жоқ, бірақ партияларда шиеленіс артып келеді. Қазыбек Нөгербек көшбасшылығын нығайтып алды, бірақ Денис Махнёв, Жандос Ағманов пен Алдияр Аңсат күш сынасуға дайын. Мәреге үш тур қалғанда бәрі өзгеруі мүмкін. Шахмат жарысы жалғасуда!
Классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының жабылу рәсімі 2025 жылғы 1 маусымда Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 11-қабат, В блогында орналасқан Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) офисінде өтеді. Басталуы сағат 14:00.