Алматыда ғасыр жасаған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

4246
Фотосурет: Gov

Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.

Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды.

Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті. 

Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады. 

Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін" және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -