Астана соты 12 азаматты экстремизм үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды

3014
Фотосурет: depositphotos

27 мамырда діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық бойынша сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүргізілген тергеу барысында, сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін соттылы болған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -