Астанада мектеп лигасының гандболдан финалы өтті

3762
Фотосурет: ҚР ҰОК

Астанада гандболдан Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнир Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтті және Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

ҚР ҰОК

Еліміздің әр өңірінен келген ең үздік мектеп командалары жеңіс үшін бақ сынады. Финалдық кезең бүкіл ел бойынша көптеген оқушыны қамтыған республикалық жобаның қорытындысы болды.

ҚР ҰОК

Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында Павлодар облысындағы №21 орта мектептің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Ақтөбе облысының №2 мектеп-гимназиясы иеленсе, қола жүлде Түркістан облысындағы Әл-Фараби атындағы №10 орта мектепке бұйырды.

ҚР ҰОК

Қыздар арасында Павлодар облысындағы №5 орта мектептің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қарағанды облысының №35 мектебі иеленсе, үшінші орын Қызылорда облысындағы №246 мектепке бұйырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -