Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордадағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде балалар арасында волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Турнир елордалық прокуратураның үйлестіруімен, қала әкімдігі және Астана волейбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Спорттық іс-шараның құрметті қонағы ретінде әлемдік деңгейдегі воркаут-спортшысы Айтым Жақыпов, «Барыс» хоккей клубының ойыншылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Мерекеге орай балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар қонақтарға спорт кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.