Балалық шақ қуанышы – әскери бөлімде

3652
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерекелік жиынға бөлімше қызметкерлерінің балалары мен олардың ата-аналары қатысып, шаттыққа толы бір күнді артта қалдырды. Іс-шара аясында бүлдіршіндерге әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі таныстырылып, заманауи қару-жарақ үлгілері мен әскери техника көрсетілді.

Шара барысында театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жас көрермендер сарбаздардың өнеріне куә болды. Сонымен қатар, балдырғандарға арналған түрлі спорттық ойындар мен шығармашылық байқаулар өтті.

«Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салған кішкентай өнерпаздар өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Балалар мен ата-аналардың көңіл күйін көтеріп, ерекше әсер қалдырған тосынсый – Халық банкі АҚ-ның қолдауымен таратылған балмұздақ пен салқын сусындар болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның бойында патриоттық рухты оятып, Отан қорғаушы сарбаздардың қызметіне деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -