Бүгінде Қазақстан әскері заманауи техникалармен жабдықталған, жауынгерлік даярлығы артып кележатқан құрлым. Бірақ қандай технология келсе де, адам факторы бірінші орында. Әскердегі ең үлкен қауіп – сарбаздар арасындағы әлемжеттік. Яғни, бір буынның келесі буынға күш көрсетуі, қысым жасауы. Бұл –тәуелсіз елдің армиясына мүлде жат, Кеңес кезінен қалған көлеңке. Әлемжеттік – тәртіп емес. Ол – қорлау. Ол – әскери рухты сындырудың, болашақ батырдың сағын сындырудың көлеңкелі жолы. Сарбаздардың құқықтық қауіпсіздігі мен моральдық ахуалы – ел қорғанысының негізі. Сондықтан әскери тергеу құрлымдары бұл мәселенің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Соңғы жылдары Қазақстан Қарулы Күштер қатарында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету – ел қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Осы бағытта ҚР Ішкі істер министирлігіне қарасты әскери тергеу басқармасының құрылымдары кешенді және нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның арқасында соңғы жылдары әскери бөлімдерде құқық бұзушылық пен қылмыс санының айтарлықтай төмендеуі байқалуда.
2024 жылғы мәліметтер бойынша, әскери бөлімдерде тіркелген қылмыстық істер саны 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 18-20 пайызға төмендеген. Бұл үрдіс әскери тергеу басқармасы мен оның өңірлік бөлімшелерінің үйлесімді қызметінің нәтижесі екені даусыз.
Әскери тергеу тобы әскери бөлімдерде тек қылмыс орын алғаннан кейін ғана әрекет ететін құрлым емес. Олар сонымен қатар қылмыстың алдына алу, құқықтық түсіндіру, профилактикалық шараларды ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс атқарады. Әсіресе қызметтік тексерістер, әскери бөлімдердегі тәрбие және құқықтық сабақтарға қатысу, командирлермен бірлескен іс – қимыл – құқық бұзушылықтарға азайтуға зор ықпал тигізіп отыр.
Әскердегі тәртіпке тек сарбаз ғана емес, офицер де, министрлік те, ата –ана да жауапты.Әскерде қылмысқа орын жоқ. Себебі әскер – Отан күзетшісі. Қылмысты жою – Отан қорғау деген сөз. Жас сарбаздың көзіндегі сенім – еліміздің ертеңі. Біз сол сенімді сөндірмеуіміз керек.
Тәртіп – темірдей, заң –әділ, сарбаз – мызғымас! Осындай армия – мықты мемлекеттің тірегі.
Алмас Альжапаров
ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Павлодар тобының жедел уәкілі майор