Астанада әскери қызметшілердің балалары арасында өткен шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары марапатталды

1969
Фотосурет: Gov

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиналған қонақтарды Орталық бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов құттықтап, жылы лебізін білдірді:

– Қымбатты балалар, сендерді тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жазғы демалыс уақыты да келіп жетті. Жақсы демалып, жаңа әсерлерге бөленіп, білімнің биік шыңдарын бағындыруға күш-қуат жинауларыңды тілеймін. Сол білім болашақта еліміздің өркендеуінің кепілі болсын, – деді ол.

Отан қорғаушысы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған байқауда жеңіске жеткен балаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқауға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам бала қатысқан болатын.

Дипломдар табысталғаннан кейін балалар қызықты ойындар, байқаулар мен викториналарға қатысты. Мереке ұйымдастырушыларымен бірге балалар шаттанып ойнап, ән салып, би билеп, үлкен қуыршақтармен көңіл көтерді.

«Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ барлық балаларға дәмді балмұздақ таратылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -