1,6 млрд теңгенің вейптері: Павлодарда ірі қылмыстық топтың жолы кесілді

2629
Фотосурет: ҚР ҚМА

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіш пен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату «Telegram» мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген, ал өнім курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін дропперлердің – жалған тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған. Осы карталар арқылы ірі көлемдегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, олардың заңсыз шығу тегі жасырылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тауар сақтайтын қоймалар мен сату орындары анықталды.

Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді.

Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлікке (Chevrolet Camaro, Toyota Land Cruiser және Toyota Highlander) тыйым салынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Агенттік вейптердің таралуына қарсы жүйелі күресті жалғастыруда.

Жыл басынан бері электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымының 28 дерегі анықталып, 291 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Вейптердің кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық туғызады. Бұл олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі вейп құрамындағы заттар жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енді. Оған сәйкес вейптерді, дәмдеуіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру, сату және тарату қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына жатқызылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -