Қазақстан – Дженнифер Лопестің әлемдік туры аясында екі концерт өтетін жалғыз мемлекет, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әлемдік деңгейдегі поп-әртіс Дженнифер Лопес 2025 жылы Қазақстанда қос концерт қояды. Бұл шешім елдегі тыңдармандардың ерекше қолдауы мен қызығушылығының арқасында қабылданды. Екінші концерт 10 тамыз күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Бұған дейін 1 тамыз күні Астанадағы концерт жарияланған болатын.
Билеттер сатылымда: қосымша орындар қолжетімді
Ұйымдастырушы компаниялар — First Media Group пен CA Entertainment — билеттердің түгел сатылып кеткені туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды:
«Билеттердің сатылымы жалғасып жатыр. Қазір би алаңына арналған соңғы билеттер мен сахнаны жақсы көрінетін, техникалық талаптарға толық сай трибунадағы шектеулі орындар қолжетімді».
Стадион сызбасына байланысты барлық келісімдер аяқталып, бастапқыда қолжетімсіз болған бірнеше қосымша орын да сатылымға шығарылды. Бұл көрермендер үшін таңдау аясын кеңейтіп, шоу сапасын төмендетпей билет санын арттыруға мүмкіндік берді.
Неге Дженнифер Лопес Қазақстанда екі рет сахнаға шығады?
Алғашында Дженнифер Лопестің Up All Night Tour атты әлемдік гастрольдік сапары 3 тамызда Ереванда аяқталады деп жоспарланған еді. Алайда қазақстандық жанкүйерлердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі, бейнеүндеулер мен жарияланымдары арқасында әртістің командасы турды жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде, Қазақстан — бүкіл өңірде екі концерт өтетін жалғыз ел болып отыр.
Бұл — Дженнифер Лопестің гастрольдік тарихындағы ерекше жағдай. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мүмкіндік өңірлік жанкүйерлер үшін өте сирек кездеседі.
📅 Алматыдағы концерттің өтетін күні: 2025 жылғы 10 тамыз
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион
🎟 Билеттерді мына сайттан сатып алуға болады: www.ticketon.kz
Бұл концерт – жыл оқиғасы
Жаздың басты музыкалық оқиғасын жіберіп алмаңыз! Дженнифер Лопестің сахнасы – әлемдік деңгейдегі шоу мен қуаттың үйлесімі. Бұл – тек концерт емес, жанкүйер жүрегінде ұзақ сақталатын әсер.