2025 жылдың 31 мамырында Air Astana A320 және А321 әуе кемелерімен Атырау-Баку бағыты бойынша тікелей рейстерді жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшақ кешкі уақытта қатынайды және жол жүру уақыты шамамен бір жарым сағатты құрайды. Қазақстан азаматтары үшін Әзірбайжанға виза талап етілмейді.
Бұдан басқа, Air Astana 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыдан Франкфуртке тікелей ұшуларды жүзеге асыра бастады. Рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR авиалайнерлерінде орындалады. Жол жүру уақыты 8 сағат 25 минут.
Жаңа бағыт Астана-Франкфурт, Орал-Франкфурт қолданыстағы маршруттарды толықтырады.
Әуе компаниясы Lufthansa-мен жаңа бағыттағы бірлескен рейстерді орындау үшін жаңартылған кодшерингтік келісімге қол қойды, бұл жолаушыларға екі әуе компанияның да кеңейтілген бағыттық желісін пайдалануға мүмкіндік береді.