Жазғы кезең қарсаңында қауіпсіздік сабақтары өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жаңа жазғы оқу кезеңі басталмас бұрын жеке құраммен қауіпсіздік шараларын алдын алу бойынша кешенді әдістемелік сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтар 18 оқу нүктесінде өткізіліп, жақсы дайындалған тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен жүргізілді. Оған жалпы саны мыңнан астам әскери қызметші қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты – жазғы кезеңдегі жауынгерлік даярлық барысында, сондай-ақ күнделікті қызмет пен тұрмыста әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке құрамға техникалық құралдармен жұмыс істеу, дене дайындығы, оқу-жаттығу кезіндегі қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты нұсқаулықтар берілді.
Әдістемелік сабақтар нәтижесінде әскери қызметшілердің қауіпсіздік талаптарын меңгеру деңгейі артты. Бұл болашақта қызмет барысында жарақат алу, оқыс оқиғалар мен техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бөлім командирі, полковник Сергей Бибулатов жеке құрам алдында сөз сөйлеп, әрбір әскери қызметшінің басты міндеті — жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екенін ескертті. Ол жауынгерлік рух пен тәртіппен қатар, тәртіптілік пен қауіпсіздік – табысты қызметтің негізгі кепілі екенін атап өтті.