Әскери бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

2607
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы

2025 жылғы 3 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров пен оның бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов Ұлттық ұланның “Батыс” өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен 5517 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара Мемлекет басшысы бекіткен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында департамент басшысы әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарын таныстырып, әскерилерді Отанға адал қызмет атқаруға шақырды.

Бірінші орынбасар Мұратбек Қасымов слайдтық баяндама арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді.

Кездесу соңында әскери қызметшілер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды.

Аталған іс-шара әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң үстемдігін нығайту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -